
«Балдәурен Бала Күнім Өткен Жер» — запись Ауылым. Параметры аудио: 03:03, 320 кбит/с. Текст песни и прослушивание собраны на одной странице.
Текст песни
Балдәурен бала күнім өткен жер.
Әкем мұнда еңбек етіп,
Төккен тер.
Анам болса астайыңда кір жуып,
Киімдері күн нұрымен кепкен жер.
Атам талай қырда қойын баққан жер.
Киіз басып әжем түндік жатқан жер.
Ағам талай атын мініп,
Той тойлап,
Жеңгемді әкеп бақыттарын тапқан жер.
Әпкем бізге мейірімдерін төккен жер.
Шежем келіп ай бетінен өпкен жер.
Туған үйден қимай-қимай қоштасып,
Шаңырақтан ұзатылып кеткен жер.
Асып ойнап күнімізді ерткен жер.
Судан шықпай денемізді бөрткен жер.
Қапа болып жылап қалса қарындас
Жұбатумен көз жастарын сүрткен жер.
Қырдың гүлін, қызғалдағын терген жер.
Сүйгеніне ұсынып гүл берген жер.
Ата-анаңды, туғаныңды қуантып,
Жан жарыңмен жаңа өмір сүрген жер.
Атқа мініп аң-құстарын қуған жер.
Отын тасып шен баулап буған жер.
Сағын бастай қалай жүрем мен сені.
Топырағыңнан айналайын туған жер.